2021 жылы 22 қараша күні «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4-8 сынып оқушыларының қатысуымен және асхана аспазшысы Омурзакова Гүлдана апаймен дұрыс тамақтану жайында насихат жүргізілді.
Оқушыларға тамақтанудың ережелерін толық түсіндіре отырып, пайдалы тамақтармен, зиянды тамақтардың оқушының бойында қандай әсер беретінін атап өтті. Оқушылар өздерінің күн тәртібіндегі ережелермен дөңгелек үстел басында пікір алмасты.