Текст
2024 жылдың 1-ші желтоқсан күні сағат мектебіміздің «Ақ бота» қыздар клубының « Достық, бірлік пен ынтымақтастық» тақырыбында отырысы болып өтті. Бұл отырыста « Бірлік және ынтымақтастық» құндылығына арналған пікіралмасу орын алды. Ұйымдастырушылар « Ақпарат» фракциясының министрі Қайыржан Ильнара және орынбасары Саят Мадина қыздарды топтарға бөлініп, постерлер жасап, қорғап, ойларымен бөлісті. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Смагулова қыздарға қатысты тыйымдарға тоқталып, өздерін қоғамдық орындарда қалай ұстау керектігі туралы айтып тоқталып, қыздардың жүріс –тұрысы, қызығушылығы, талғамымен талаптарына тоқталды.Сонымен қатар қазақи тәрбиенің алатын орны туралы толық мағлұматтар бере кетті.