Мектеп кітапханасында оқушыларды кітап оқуға тарту, олардың маңызы мен құндылығы туралы іс-шаралар өткізілді. "Оқитын мектеп - оқитын ұлт" жобасы бойынша оқушылар арасында бейне челлендж өткізіліп, онда балалар сүйікті кітаптары туралы өздері ғана емес, ата-аналарымен бірге оқып, кітаптың маңыздылығы туралы айтады. Сондай-ақ Абай Құнанбаевтың туған күніне орай біздің оқушылар арасында өлеңдер челленджі, қара сөздер кітап көрмесі өткізілді. Іс-шара жоспары бойынша мектеп кітапханасында "Менің Қазақстаным", "Біздің Тұңғыш Президент", "Тәуелсіздік күні"сияқты оқушылардың адамгершілік-рухани тәрбиесіне бағытталған бірқатар кітап көрмелері өткізілді. Бірінші сыныптарымыз үшін де, мектеп кітапханасында экскурсия жүргізілді, балалар көптеген кітаптар, қызықты әңгімелер, халқымыздың дәстүрі, еліміздің тарихы туралы білді. Мүмкіндігінше көп баланы қамту мақсатында оқушыларды кітапханаға күнделікті белсенді тартып, түрлі кітаптар, қызықты әңгімелер оқуға қызығушылығын арттырып отырамыз, себебі олар біздің –болашағымыз!
https://drive.google.com/file/d/1a10r2gPdzOxXA3WGHGKlT1__qd4EUdpp/view?usp=sharing