23.11.2021
2021 жылдың 23 қараша күні мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары
арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» челендж өтті.
Бұл іс –шараның мақсаты: мемлекеттік мекемелерде жемқорлық фактілерінің
алдын алу. Сынып жетекшілер оқушыларға арнайы дайындаған бейнеролик
көрсетіп, соның төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Оқушылар өз
пікірлерімен бөлісіп, патриоттық сезімдерін білдірді. Сонымен қатар
мектебіміздің 1 қабатында арнайы стенд жасалды. Бұл стендтте сыбайлас
жемқорлыққа қатысты ақпараттар жинақталған.