"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімдер күні

06.10.2023

2023 жылдың 6 қазан күні мектебімізде «Мұғалімдер күні» аталып өтті. Бұл күні 11 сынып түлектері есік алдында ұстаздарды шарлармен қарсы алып, жүрекжарды  құттықтау лебіздерін жолдады. Мектебіміздің салтанат залында мерекелік концерт ұйымдастырылды. 11 сынып оқушылары мұғалімдерге арнайы көрініс көрсетіп, таңғалдырып, әсем ән мен керемет вальс  биледі. Мектебіміздің Парламенті мен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мұғалімдерге арнауын жолдап, «Жүрек тілегін» табыстады.
Мектебіміздің кіп –кішкентай жұлдызы Байгазин Аймат өзінің сүйікті « Мектебім» атты әнін, сүйкімді қыздармен бірге билеп, шырқады. Ал Серикпаев Мади болса «Қызыл раушан » атты әнді орындап, мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтады. « Шәкірт тілегі» әнің мектебіміздің жаңадан құрылған « Сымбат» тобы шырқап берді. Ал « Павлиндер» биімен ортаға шыққан мектебіміздің ең дарынды бишілері Бабаева Аяулым мен Саят Жаннұр. Мерекелік концерт « Ұстазым» әнімен аяқталды.

Просмотров: 598


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст